Түркияда қаза тапқан тағы бір қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

13 ақпанда мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілген


13/02/2023
16:24 20991 0

Фото: ҚР ТЖМ

 

10 ақпанда Түркияның Кахраманмараш қаласында үйінді астынан табылған Жанар Жақсыбекованың денесі бүгін Талдықорған қаласына жеткізділді. Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

 

– Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. 13 ақпанда мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

 

Жанар Жақсыбекованың денесін тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алған. Түркияның Pegasus әуекомпаниясы Жақсыбекованың туыстарына 90% жеңілдік жасаған. 

 

Бұған дейін Хатай провинциясына қарасты Антакия қаласында үйінді астынан қазақстандық Мирболат Құрмашев пен Әділ Қыдырбековтың денесі табылған. 

 

Түркияда 6 ақпанда болған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 29 мың адамнан асты. Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, Сирияда зілзаладан көз жұмғандер 4,5 мыңға жеткен. Екі елді қосқанда жараланғандар саны 80 мыңнан асқан. Жүздеген мың адам үйсіз қалған. 

 

Үйінділерді аршуға дүниежүзінің 70 елінен құтқарушылар мен дәрігерлер қатысып жатыр. Қиранды астында қалғандар туралы хабар толастар емес. 

Поделиться

Нет комментариев.

13/02/2023 16:24
20991 0

Уведомление